Баянға

Бұл бетте «Баянға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1562
Шай ішіп, балық жедік Баян биден,
Сол еді сол күнгі асым көңлім сүйген.
Жар достан қадіріңді білетұғын,
Еңбегің еш уақытта емес күйген.
Қажетің қай уақытта шықпайды ерлер,
Жаманнан жат сияқты қабақ түйген.
Әдеті адам болар азаматтың,
Дарақтай миуалы басты иген.
Қай кезде халық сыйлаған қали қалмайды,
Асылында адам болар дуа тиген.
Әр қалай атақты ердің әулеті ғой,
Бұлт шөгер биік таудай тәңірім үйген.
Барып ем барын базар ете берді,
Шалды ертіп Қайықбайдай бүкірейген.
Ырза боп екеуміз де талтақтадық,
Адамдай ат жетелеп, сарпай киген.
Қошемет бұл сияқты көрген жоқпыз,
Жастардан жаңа өспірім тұрып сиген.
Осыған намыстанған бала болса,
Шақырар анайы кеп біздерді үйден.

1934.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баянға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Баянға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баянға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баянға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері