Қармақшы ауданының секретары Ызбановқа жазған өлеңі

Бұл бетте «Қармақшы ауданының секретары Ызбановқа жазған өлеңі» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1837
Қаздырып берді Ызбанов,
"Ақжар" атты жарманы.
Бітетұғын болды енді,
Аш, арықтың арманы.
Жер менен суда қалайда,
Бұл дүниенің бар малы.
Ағысы сондай суының,
Домалатады арбаны.
Жағалап жүр жұрт біткен,
Қолға алып кетпен, тырманы.
Қуанышты бәрі де,
Толғандай пұлға қарманы.
Жасасын жолдас қайткенмен,
Дүзетіп берді шаруаны.
Қатын, еркек қалмастан,
Қаптап барады егіске.
Тамыр жайып талданып,
Айналды дәндер көгіске.
Бәрі де бәйге алатын,
Қалатын емес сөгіске.
Шекелері тоқпақтай,
Тойынғандай жеміске.
Шығып барады шынында,
Күннен-күнге кеңіске.
Дұшпандар да дос түгел,
Санай алмайды кеміске.
Жасаңдар жолдас жай қылып,
Шығардыңдар тегіске.
Қой қоздап, ешкі лақтап,
Ішіп жатыр айранды.
Екі рет туып жылына,
Көбеюге айналды.
Реттеліп от, суы,
Жазы, қыс жақсы жайланды.
Лақтары серкедей,
Қозылары тайланды.
Көтере алмай құйрығын,
Көп қошқарлар байланды.
Қайткенменен күтетін,
Бергенмен Кеңес қай малды.
Халық қалайда біледі,
Асырау жөнін айуанды.

1935.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қармақшы ауданының секретары Ызбановқа жазған өлеңі өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Қармақшы ауданының секретары Ызбановқа жазған өлеңі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қармақшы ауданының секретары Ызбановқа жазған өлеңі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қармақшы ауданының секретары Ызбановқа жазған өлеңі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері