Жанғанда сезім гүл атып
Бұл бетте «Жанғанда сезім гүл атып» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанғанда сезім гүл атып,
Жанымды қойдың жылатып.
Ғашықтық күшін сезіндім,
Қалдым да сені ұнатып.
Арманым болдың бүгінде,
Бақ табармын ба түбінде?
Азаптың бәрін бер маған,
Сен, жаным, ылғи күлімде.
Жанарың жарқын жасындай,
Жымиғаныңда тасынбай.
Бақытты болып кетер ем,
Бір сәтке болсам қасыңда.
Таусылар тағдыр сүргіні,
Келер деп күтем бір күні.
Сағыныш мұңды мен кешем,
Қайғысыз өмір сүр, күнім!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі