Бұл бетте «Жүрегімде жазулы тұр есімің» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегімде жазулы тұр есімің,
Күнәм болса, Аллам берсін кешірім.
Сол жағада сені күтіп жүрмін мен,
Айтшы, жаным,
Қандай сенің шешімің?
Бар санамды билеп алды болмысың,
Ащы мұң мен сағынышқа толды ішім.
Жауабы жоқ хаттар жазып жалықтым,
Көкіректе көктемгі арман солды шын.
Кәлима оқып, көк мешітте отырам,
Үміт емес, қайғы-қасірет татыр ән.
Сені сүйіп, жан дертіме дауа жоқ,
Көп кінәмді жанарымда батырам.
Тұла бойда тыпыршиды құмарлық,
Тәңір сені жаратқандай сыңар қып.
Оразада оралсаң ғой, сүйіктім,
Мені мен Аллаға іс қып ұнарлық.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі