Арманым болдың кәдімгі
Бұл бетте «Арманым болдың кәдімгі» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арманым болдың кәдімгі,
Адайдың айбар бір ұлы.
Құштарлық басты жанымды,
Жүректе қайран жыр ұлып.
Күтумен көзін талдырар,
Біреуге асқақ арумын.
Жақындап келсең жандырар,
Сәулеңе сенің зәрумін.
Ағымнан айтсам жарылып,
Көктеммен кетті бар үміт.
Өмірдің мәні қалмады,
Сағындым сені сарылып.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі