Бұл бетте «Дүние даңғой» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
02.06.2019
0
0
1550
Дүние даңғой,
Тар өңір,
Азаптың түрін сан тарттым.
Бір болсақ деуші ең бар өмір,
Қалайша жолда жалтардың?
Алқымнан алса аңсарым,
Сезімді сабыр тұсасын.
Оянам жылап таң сәрі,
Түндерде кімді құшасың?
Қызғаныш, арман, беу сезім,
Қай жерде қақсып қаласың?
Тек сені сүйем деуші едің,
Жанымның жазшы жарасын,
Қай жаққа кетіп барасың?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі