Сенсіз қалып жабықтым
Бұл бетте «Сенсіз қалып жабықтым» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сенсіз қалып жабықтым,
Қараңғы боп жарық күн.
Ертегіге сол кез айналды ма?
Бар бағым – сен,
Ардағым ең –
Зарықтым,
Қадіріңді сан ұқтым.
Саған ғашық жүрекке,
Сағыныш от тірек пе?
Жүрегімде мың жыр дір еткенде,
Жыладым сан,
Құрадым бал арманды
Қиялдаудан талмадым
Әр сәт сайын сен деп жанып.
Бірге жүрген күндерім,
Білмей күлген мұң лебін.
Қайдасың сол түндерім?
О, тек сені
Күтем бақта күздегі,
Үміт сақтап үзбедім,
Бәлкім кештеу іздедім,
О, кеш мені.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі