Көңілсіз күндер басымда – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Көңілсіз күндер басымда» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1983
Көңілсіз күндер басымда,
Сені күтемін сұр түнде.
Неге келмейсің қасыма?
Көзде жасымды сүртуге.
Бұл қалада жоқ қуаныш,
Көктем кешікті сенімен.
Болар жаныма не жұбаныш?
Жапа-жалғыз егілем.
Әндерім саған арналған,
Өлең жазылды жырақта.
Үміт шақтарда қарманған,
Өзің жоқсың ғой бірақ та.
Сағыныш сазы жиі ақты,
Жүрек жылайды мұңдардан.
Маған керек емес сияқты,
Сенсіз қалған бұл жалған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері