Бар төзімім таусылып – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Бар төзімім таусылып» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1930
Бар төзімім таусылып,
Жан сезімді ұшырдым.
Елесіңді қаусырып,
Келмесіңді түсіндім.
Сағынышқа батармын,
Құмарлығым азайып.
Өткенді ойлап жатармын,
Ол бір түстей ғажайып.
Ұйқым қалып төсекте,
Таңды көзбен атырам.
Уақыт – емші десек те,
Тұрмын сол бір сатыда.
Сені әкеткен ұшаққа,
Қол бұлғадым күшіммен.
Елесіңді құшақтап,
Келмесіңді түсіндім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері