Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1518
Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды,
Кешірдім менсіз жатқан түніңді де.
Несіне айта берем жанда мұңды?
Сен – мендік, мен – сендікпін бүгінгіде.
Кешірем, сенсіз келген көктемдерді,
Бір хабар жеткізбеген өктем желді.
Мұңсыз күн сені-дағы кешіремін
Асқақ Ай аласарып өпкен жерді.
Тірлігім сенсіз рас қиындады,
Алайда Алла жазған сыйым бар-ды.
Кеудеге күтулерден дерт толғанда,
Кешірдім сен тойлаған жиындарды.
Ақындық о бастағы жүгім міне,
Тағдырым қалдырмасын түгімді де.
Кешірем тек сен үшін барлығын да –
Ертеңді, кешегіні, бүгінді де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері