Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды –
Анар Шамшадинова
Бұл бетте «Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кешірем, менсіз атқан таңдарыңды,
Кешірдім менсіз жатқан түніңді де.
Несіне айта берем жанда мұңды?
Сен – мендік, мен – сендікпін бүгінгіде.
Кешірем, сенсіз келген көктемдерді,
Бір хабар жеткізбеген өктем желді.
Мұңсыз күн сені-дағы кешіремін
Асқақ Ай аласарып өпкен жерді.
Тірлігім сенсіз рас қиындады,
Алайда Алла жазған сыйым бар-ды.
Кеудеге күтулерден дерт толғанда,
Кешірдім сен тойлаған жиындарды.
Ақындық о бастағы жүгім міне,
Тағдырым қалдырмасын түгімді де.
Кешірем тек сен үшін барлығын да –
Ертеңді, кешегіні, бүгінді де.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі