Сағынышты уақытпен жуа алмадым
Бұл бетте «Сағынышты уақытпен жуа алмадым» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сағынышты уақытпен жуа алмадым,
Шырынына шабыттың жұбанғаным.
Бәрі сенің қолыңда білесің бе?
Өлеңім де, күлгенім, қуанғаным.
Азық етіп әлі де ақ таң барын,
Ұшты-күйлі бақыт іздеп аттанғаным.
Бәрі сенің қолыңда неге екені?!
Сәттілік те, сәтсіздік, шаттанғаным.
Сөзін алмай алдымда ұлы ағаның,
Күлкілерді тәрк етіп жылағаным.
Бәрі сенің қолыңда, сенің ғана,
Сүрінгенім, сынғаным, құлағаным.
Сен жүргенде қиялдың түстілігі,
Сенсіз іңкәр көңілдің ұшты гүлі.
Мен күңіңе айналсам, қайран қалма,
Ол – сүйікті Алланың күштілігі.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі