Көкте тәңір айналғандай сараңға – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Көкте тәңір айналғандай сараңға» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1457
«... Түрік аруының бір меңіне Самаркант пен Бұхараны берер ем...»
Хафиз

Көкте тәңір айналғандай сараңға,
Мәні өмірдің минуттарға тұр сыйып.
Аппақ сезім лайланып харамға
Мен бақытты таба алмадым құр сүйіп.
Көлеңкемді құша бердім тіреу деп,
Өкпем сыймай, өзді-өзіммен егестім.
Шаһар түгіл, «баһор» сыйлар біреу жоқ,
Бәлкім, мен де түрік қызы емеспін.
Махаббатым мазақ болып түндерге,
Жасым менің у біткеннен ащырақ.
Өлеңімді әлің келмей күндеуге
Қарт қызғаныш, бұл шаһардан қаш жырақ.
Сосын мен де бұл қаладан кетермін,
Бәрін қойшы, момақан күн бермеген.
Шабытымды бірде жарқын етермін,
Зілзаладай бойын ашу кернеген.
Иранға ма, тіпті одан да әріге,
Сәтсіздіктің көбін мұнда қалдырып.
Үмітпенен оянар ем сәріде,
Сағынышты соқпақ жырдан салдырып.
Көзім жұмбай Ай қалпағын түргенше,
Күнді күтіп салмақтанып, сылтыған.
Бір шаһарда тұрып іздеп жүргенше
Көк теңіздің аржағынан ұмтылам...
P.S Шаһар – парсыша қала, Баһор – көктем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкте тәңір айналғандай сараңға өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Көкте тәңір айналғандай сараңға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкте тәңір айналғандай сараңға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкте тәңір айналғандай сараңға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері