Өлең, жыр, ақындар

Көкте тәңір айналғандай сараңға

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1419
«... Түрік аруының бір меңіне Самаркант пен Бұхараны берер ем...»
Хафиз

Көкте тәңір айналғандай сараңға,
Мәні өмірдің минуттарға тұр сыйып.
Аппақ сезім лайланып харамға
Мен бақытты таба алмадым құр сүйіп.
Көлеңкемді құша бердім тіреу деп,
Өкпем сыймай, өзді-өзіммен егестім.
Шаһар түгіл, «баһор» сыйлар біреу жоқ,
Бәлкім, мен де түрік қызы емеспін.
Махаббатым мазақ болып түндерге,
Жасым менің у біткеннен ащырақ.
Өлеңімді әлің келмей күндеуге
Қарт қызғаныш, бұл шаһардан қаш жырақ.
Сосын мен де бұл қаладан кетермін,
Бәрін қойшы, момақан күн бермеген.
Шабытымды бірде жарқын етермін,
Зілзаладай бойын ашу кернеген.
Иранға ма, тіпті одан да әріге,
Сәтсіздіктің көбін мұнда қалдырып.
Үмітпенен оянар ем сәріде,
Сағынышты соқпақ жырдан салдырып.
Көзім жұмбай Ай қалпағын түргенше,
Күнді күтіп салмақтанып, сылтыған.
Бір шаһарда тұрып іздеп жүргенше
Көк теңіздің аржағынан ұмтылам...
P.S Шаһар – парсыша қала, Баһор – көктем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіне өзі жұт пенде

  • 0
  • 0

Өзіне өзі жұт пенде,
Бақыты келмес күткенде.
Ертеңің сенің не болмақ,
Ертегің енді біткендей.

Толық

Дүниенің дым болмай думандары

  • 0
  • 0

Дүниенің дым болмай думандары,
Дарбазадай қалаға сыя алмаймын.
Қабағымды ұғынғыш туғандары,
Ашық-шашық, ауылды қиялдаймын.

Толық

Кәрі Каспий өзіне қаратады

  • 0
  • 0

Кәрі Каспий өзіне қаратады,
Бір сыр бағам.
Сіз жайлы айтар ма еді?!
Толқындарды үздіксіз жаратады,

Толық