Сағыныш – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сағыныш» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 797
Сағым қалқып, самал ескен,
Сар даланы ала көшкен
Сəмбiталдай сəнiң қайда
Желмен шашын тарап өскен?
Сиқыр сымбат – сыйың қайда?
Маған ғана бұйырмай ма?!
Қаламқасың қанат қағып,
Қаракөзiң қиылмай ма?
Қасiретiм – кəрi дұшпан,
Сарғаямын сағыныштан.
Əуездi əсем əнiң қайда
Əлдеқайда алып ұшқан?..
Мың бiр арман – күйiң қайда,
Мың бұралған биiң қайда?
Көзден ұшсаң, ащы өкiнiш
Өзегiме құйылмай ма?
Жұлдыз жұртын,
Айдың елiн
Аралап жүр қайғым менiң…
Мəжнүн басым маза таппай
Мың мəртебе «Лəйлiм» дедiм.
Көкте жүрсең, төмендешi,
Көз жасымды көгендешi.
Кездесуге зармын дешi,
Кешiкпешi, келем дешi?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері