Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды, –
Анар Шамшадинова
Бұл бетте «Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды,» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аяқтамай, жазбай кеттім жырымды,
Құмарлыққа күң болғанда сезімім.
Жасырамын кімнен, қалай сырымды?
Көп күнәһар пенденің нақ өзімін.
Сүймей жүріп, сүйіп қалдым бір жанды,
Көп кешігіп кезіксе де ол маған.
Тек онымен жаным-тәнім нұрланды,
Сәтім, сірә, Аллам өзі қолдаған.
Оны көрсем өмір – жұмақ бақшасы,
Көрген азап ескі кино секілді.
Теңіз терлеп, далам күлді ақ шашты,
Мен де енді бақытты боп бекіндім.
Жүзі жарқын сол адамға ғашықпын,
Тағдыр, саған тура қарап айта алам.
Түнде таңға, күндіз кешке асықтым,
Көру үшін тек сол жанды қайтадан.
Ғашықтықты кім айтады күнә деп?
Сүйе алмасам, далбаса ғой қалғаны,
Сағындырса сан күн жүрек жыла, кеп,
Бір әйелдің арман емес ардағы.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі