Естігім кеп даусыңды

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1645
Естігім кеп даусыңды,
Көктемде күн күлгенде.
Төзім менде таусылды,
Қайың оны білген бе?
Терезеге телмірдім,
Сені сонша сағынып.
Бұл күйімді жел білді,
Тағдырға ол да бағынып.
Көңілсіз гүл көшелер,
Жыр оқиын, естісін.
Барлығын да кешер ем,
Келсең бүгін кешкісін...
Күтіп күзде шаршадым,
Жапырақ боп бар маңым.
Өткен күндер бал сағым,
Қайдасың сен, арманым?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Естігім кеп даусыңды өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Естігім кеп даусыңды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Естігім кеп даусыңды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Естігім кеп даусыңды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері