Кім ылайлап кетпейді – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кім ылайлап кетпейді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 804
Кім ылайлап кетпейді
Мөлдіреген бұлақты?
Кімдер таптап өтпейді
Тотияйын құрақты?
Тауға әркім шығады,
Аласарып қала ма?
Кейісіңді бүгінгі,
Бауырым, мәңгі санама.
Бүгін ылай сол бұлақ
Мөлдіреп ертең ағады.
Тізеден келіп, ұйысып
Басады құрақ жағаны.
Биік, маңғаз қалпында
Мызғымай тау тұрады.
Тау мінезді адамды
Айтшы, қай дауыл жығады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім ылайлап кетпейді өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Кім ылайлап кетпейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім ылайлап кетпейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім ылайлап кетпейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері