Сен жайлы өлең басылды газеттерде – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сен жайлы өлең басылды газеттерде» атты Анар Шамшадинова жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1470
Сен жайлы өлең басылды газеттерде,
Күніне сан жаттадым есіміңді.
Саған ұшып жетер ем қажет жерде
Көрінсеңші, болсаңшы кешірімді.
Оралар ма, баяғы өмір қайтып?
Күн туар ма сол күндер кері айналар?!
Әлем менің мұңыма көңіл айтып,
Жыр оқыды сен жайлы телеарналар.
Сағынышым жаһанға жария боп,
Қайғым мынау.
Қаланың кеші күлді
Жұртым сүртіп жасымды қария көк
«Бекем» деді «күткейсің несібеңді».
Терезеге телмірдім төзім қалмай,
Кеп қалар деп бекітпей есігімді.
Тағдыр тауып, көзіңде сезім лаулай,
Оралсаңшы, болсаңшы кешірімді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері