Сезімім жанарымда жағыла мың
Бұл бетте «Сезімім жанарымда жағыла мың» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезімім жанарымда жағыла мың
Бір жүрген сол күндерді сағынамын.
Көңілде қуаныштан мұңым басым,
Сен неге көрінбейсің, табынарым?
Жүректе өлең жанды оқылмаған,
Тілекпен кестем қалды тоқылмаған.
Күндерім күтуменен өтеді ме?
Арманның алтын шыңды етегінде.
Қырқада бір қыдырған күлкім қалды,
Сағыныш сартап болған ұйқымды алды.
Жыр – жансыз, жасқа малып жазғанменен,
Сен неге оралмайсың қаздарменен?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі