Өмірімді ойран етіп
Бұл бетте «Өмірімді ойран етіп» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірімді ойран етіп,
Көңіліңнен сайран кетіп
Сені сүйгенім үшін,
Мені сүйгенің үшін
Кешір.
Сал күндерді қалдырып,
Бал түндерде жандырып
Сені іздегенім үшін,
Үміт үзбегенің үшін
Мені кешір.
Жастықтың жамалында
Қан құшып қаламым да
Әнімді арнағаным үшін,
Жаныңда қалмағаным үшін
Мені кешір.
Тірліктің тосқауылында
Тосылдың жасқа малына,
Көз көрмей жоғалғаныңды
Өзгеге оралғаныңды
Кешірмен.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі