Сенсіз өткен күндерімнен безіндім –
Анар Шамшадинова
Бұл бетте «Сенсіз өткен күндерімнен безіндім» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сенсіз өткен күндерімнен безіндім,
Түндерімнің...
Тақсіретін сезіндім.
Асау да асқақ адайдың бір қызы едім,
О, құдірет, табаныңда езілдім.
Сағыныштың соқпағында тапталдым,
Боз жігіт ең әнім болып жатталдың.
Ұйқысыз түн сені ойлаумен дөңбекшіп,
Мазалаған мың ойлар деп ақталдым.
Әнді сүйген, жырға ғашық сері ұл ең,
Бір көргеннен дидарыңа ерігем.
Сенсіз өткен жылдарымнан безініп,
Сенсіз келер таңдарымнан жерінем.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі