Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім
Бұл бетте «Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғашық болып сүйдім де сезіндірдім,
Көз алдыңда көлбеңдеп бала тұлғам.
Жұбатсаң да, жылатсаң, өзің білгін,
Мен тек қана сен үшін жаратылғам.
Таңдарымда талықсып оянамын,
Келсең келгін, келмесең өзің білгін.
Қасіретіме қатыгез тоя ма мұң,
Сезім суып, тән семіп, көзімді ілдім.
Тағдырымнан жалғыз-ақ сый еді өлең,
Енді одан да адастым, кезім кіл мұң.
Сарқылғанша сағыныш сүйе берем,
Келсең келгін, келмесең өзің білгін.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі