Жалғыз бөлме – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Жалғыз бөлме» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1444
Жалғыз бөлме.
Қараша.
Қап-қара әлем.
Қайырымы Алланың өртенді ме?
«Кеп қалар» – деп есікті жаппаған ем,
Терезені қымтарсың,
Көрпемді де.
Қап-қараңғы көше ұзын тірлігімдей,
Таусылғандай сұр ауа, демім бітіп.
Шабытым да менсінбей жүр бүгінде,
Өлең түгіл су ішпей сені күтіп.
Адам келсе, шәуілдер күшік те жоқ,
Сағат тоқтап, үзілген байланыстар.
Көзім жұмық, қабынып жүрек те көп,
Күн батады, кеш оны қалай ұстар?
Сынық үстел,
Тас төсек – бар тұрағым.
Сен секілді көктем де кешікті, қап?!
Бөлме тоңып,
Мен-дағы қалтырадым.
Есікті жап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғыз бөлме өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Жалғыз бөлме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалғыз бөлме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғыз бөлме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері