Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ?

Бұл бетте «Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ?» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2277
Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ?
Кім кінәлі махаббатқа кешіккен?!
Отырғанда сен біреуді аймалап,
Күткеніме көзімді алмай есіктен.
Кім кінәлі саған деген сезімге?
Өртер жиі қалғанымен таңда ұйып,
Сен бақыттан балбыраған кезіңде,
Мен отырдым сағыныштан сан күйіп.
Кім кінәлі?
Сен бөтенмен күн кештің,
Маған ессіз ғашық болған қалпында,
Ал мендегі ұғына алмас жырды ешкім,
Бәлкім, оқыр қалған қазақ артымда.
Жанарымда сол баяғы сауал құр,
Жауабы жоқ жолдар жатыр айырық.
Неге біздің арамызда қамал тұр,
Үміттерді айырып?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ? өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайда арманым алабұртқан, қайда бақ? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар