Көктемсіз көшелерге

Бұл бетте «Көктемсіз көшелерге» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1463
Көктемсіз көшелерге
Күз кілем төсегенде.
Қуаныш жоғалады,
Бар болған кеше менде.
Жаз өтіп жайраңдаған,
Жыр туды арналмаған.
Өзіңсіз бақыт деген
Бұйырсын қайдан маған?
Келмейді күзге әлім,
Жетпейді сізге әнім.
Кездесу қашан келер?
Қоштасу бізге мәлім.
Арманның асыл әні,
Жолыңа шашылады.
Көктемдей көңіліңді,
Күз неге жасырады?
Сезіммен сабыламын,
Моншағын тағына мұң.
Көктемсіз көшелерде
Мен сізді сағынамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемсіз көшелерге өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Көктемсіз көшелерге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемсіз көшелерге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемсіз көшелерге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері