Бұл бетте «Аппақ тегіс өңірім» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аппақ тегіс өңірім,
Қара түске қосылмай.
Шіркін адам көңілі,
Ақ болса ғой осындай.
Таңнан бері аппақ қар,
Себеледі тоқтамай.
Қара жерді жаппақ қар,
Қаралықты жақтамай.
Қара ағаш та ағарды,
Тоңған сыңай білдірмей.
Қара желің жоғалды,
Жазғы ақшамдай күлдірмей.
Қара қарға қарқылдап,
Аққуларды көре алмай.
Құзғын ұшты барқылдап,
Қу жемтігін тере алмай.
Себеледі аппақ қар,
Қаралыққа соққыдай.
Ақ ниетті таппақ қар,
Ақсыз қара жоқ құдай.
Аппақ қарға ашылам,
Жанарда жас кілкілдеп.
Ақ моншақтай шашылам,
Теріп алған біртіндеп.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі