Бақыт – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Бақыт» атты Анар Шамшадинова жазған бақыт туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1861
Көзімді шаттықпен жуғанмын,
Ақынды миллион ой жегенмен.
Бекеттің жерінде туғанмын,
Дәм татып мейірім дегеннен.
Әйелмін. Тағдырдан бұл жазам.
Бағына өзгенің жадырар.
Абайдың тілінде жыр жазам,
О, тәңір, басқа арман адыра!
Еркемін, өктем де шығармын,
Ашуды кейде тез сұлатып,
Шәмшінің әніне жыладым,
Бір қазақ жігітін ұнатып.
Нәзікпін, Тұрандот емеспін,
Жарым бар, тірлікте екеумін.
Өмірдің мұңдарын жемес кім,
Бәрібір бақытты екенмін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бақыт өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Бақыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бақыт өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бақыт туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бақыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері