Сағыныштан сабылысқан – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сағыныштан сабылысқан» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1850
Сағыныштан сабылысқан,
Жазымыштан тағы қысқан
Қажыдым.
Сен кетсең де түнгі қалды із,
Ең сұлу қыз күнде жалғыз
Жазығым?
Маңайымда исің қалды кетпей,
Сүйгенім бе соңғы реттей
Бар кінәм?
Кінәм емес, күнәм мүмкін?
Жария болып бұл ән бір күн
Жарқырар.
Келгенде ажал кұшағына асығам,
Қу сезімнің қалдықтары шашылар
Далаға.
Бабам туған бұл ыстық жер
Кетем, көрмен!
Тыныштық бер!
Санама...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері