Қар жаның – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Қар жаның» атты Анар Шамшадинова жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 27.07.2020
  • 0
  • 0
  • 902
Қар жаның
Тәнімді жуады.
Ардағым –
Сендегі күлкінің шуағы.

Ән-жырды
Қалайша өзіңнен аярмын?
Тағдырдың
Тағы сын сағатын кешуге даярмын.

Сен үшін
Ет кесем етімнен, орын ал санамнан.
Мен үшін
Сендей жан табылмас ғаламнан.

Құдірет,
Алыстап жүргенсің жақында.
Үкім ет,
Шабытқа шомылған ақынға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері