Алматы, кешір, таң мен кештерімді – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Алматы, кешір, таң мен кештерімді» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1333
Алматы, кешір, таң мен кештерімді,
Өткізген сенен жырақ.
Білмеймін, не істерімді?
Кеш күлген арманыма кеудем –тұрақ.

Үмітсіз жүрмін жылап,
Алыстап сенен бәлкім кеткенімнен?!
Жаныңа баурап алдың, бірақ,
Күлкі емес, мұң тамғаны текке ернімнен.

Бәрібір құшағыңда,
Тоңбас ем қарашаның күндерінде.
Сағыныш сені-дағы тұсады ма?
Жібектей Жетісудің түндерінде.

Қарайсың өкінішпен,
Қоштасқан бір ақынға сырың азық.
Мамырда махаббат - гүл, көгерішпен,
Күткенде оралады жырын жазып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері