Терезенің ар жағында тағдырым – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Терезенің ар жағында тағдырым» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Терезенің ар жағында тағдырым,
терезенің бер жағында бар мұңым.
Еркелігім қалып қойды ерніңде,
бесігімде қалып қойды бал күнім.

Тыныштықтан тынысыңды естідім,
Көңілімнің күрмеу жібін шеш, күнім!
Қандай жақсы, ұйықтай алам сенсіз-ақ,
жалғыз төсек жайылғанда кешқұрым.

Күндерімде тіршіліктің күйбеңі.
жүрегімде жырлар ғана сөйледі.
Өн бойыма өмір әкеп сыйлаған,
Сүйер болсаң көктем құсап сүй мені!

Сәуір болып таңдарыма тұрақта,
Жауын болып, жаным мені жылатпа.
көз алдымда сөніп жатыр сағаттар,
Дәл осылай сағындырып сынатпа!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері