Көңілді сүйретіп ескірген – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Көңілді сүйретіп ескірген» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көңілді сүйретіп ескірген,
Күнәнің көзіне көштім мен.
Тағы да түн дедім кінәлі,
кешірім сұрамай ешкімнен.

Бақытты болуға беттегем,
Ай жүзін жасырды бұлтпенен.
Өзіңді жек көргім келді де,
сөзіңді ұмыттым 'күт'деген.

Кызғаныш көрінді қылтиып,
Гүл-үміт дір етті бүрсиiп.
Көзімді жұмдым да күрсіндім,
Өзге жан ернiмнен тұр сүйiп!

Кiнәні iздемей өзгеден,
осылай қоштастық бiз деген.
Сағыну жайлы сыр қозғама,
мен енді, көр енді өзгерем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері