Өлең, жыр, ақындар

Бақыт

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1816
Көзімді шаттықпен жуғанмын,
Ақынды миллион ой жегенмен.
Бекеттің жерінде туғанмын,
Дәм татып мейірім дегеннен.
Әйелмін. Тағдырдан бұл жазам.
Бағына өзгенің жадырар.
Абайдың тілінде жыр жазам,
О, тәңір, басқа арман адыра!
Еркемін, өктем де шығармын,
Ашуды кейде тез сұлатып,
Шәмшінің әніне жыладым,
Бір қазақ жігітін ұнатып.
Нәзікпін, Тұрандот емеспін,
Жарым бар, тірлікте екеумін.
Өмірдің мұңдарын жемес кім,
Бәрібір бақытты екенмін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аманат

  • 0
  • 0

Туған бауыр, жүрегімде у, ішпей-жемей жаным мас,
Кез келеді қашсаң-дағы аттанатын сапарға.
Мен табынып жүргеніммен Мұқағали танымас,
Мен өлгенде мені тіпті Кеңсайға да апарма.

Толық

Шақырасың қай жаққа?

  • 0
  • 0

Сырқат сезім суық жер жастанса да,
Елеңдемей үйіме қайта алмаймын.
Жыртығынан жанымның қан тамса да,
«Жек көрем» деп мен бірақ айта алмаймын.

Толық

Сенсіз қалып жабықтым

  • 0
  • 0

Сенсіз қалып жабықтым,
Қараңғы боп жарық күн.
Ертегіге сол кез айналды ма?
Бар бағым – сен,

Толық