Бақыт
Бұл бетте «Бақыт» атты Анар Шамшадинова жазған бақыт туралы өлең берілген.
Көзімді шаттықпен жуғанмын,
Ақынды миллион ой жегенмен.
Бекеттің жерінде туғанмын,
Дәм татып мейірім дегеннен.
Әйелмін. Тағдырдан бұл жазам.
Бағына өзгенің жадырар.
Абайдың тілінде жыр жазам,
О, тәңір, басқа арман адыра!
Еркемін, өктем де шығармын,
Ашуды кейде тез сұлатып,
Шәмшінің әніне жыладым,
Бір қазақ жігітін ұнатып.
Нәзікпін, Тұрандот емеспін,
Жарым бар, тірлікте екеумін.
Өмірдің мұңдарын жемес кім,
Бәрібір бақытты екенмін.
- Шаңлатбай Айдана
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі