Бұл бетте «Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезімім жоқ өзіме, еш пендеге,
Бітірмеген істерім бастан да асар.
Өмір қысқа жетпейді бес күнге де,
Мүсінші аға арманын тастан қашар.
Ақын қосып үмітін жырларына,
Бір жазушы аяқтап әңгімесін.
Тұрағы жоқ тірліктің тұрлауында,
Көк тұманның тілегін жан білмесін.
Ұшқыш мұңын аспанға ақтарғанда,
Тәліб біткен асығып сабағына,
Теңізшіден теңізде бақ тайғанда,
Шағаланың шер тұнып қабағына.
Зыпылдайды саудагер ақша санап,
Мұғалімнің тентек боп оқушысы.
Көкірекке кей арман — жақса талап,
Ізгі ойлардың үміттер — тоқушысы.
Мен жүремін мақсатым мұнар болып,
Сынған айна келбеті күндерімнің.
Бар енерім көзге жас тұнар толып,
Шығар-шықпас мәніндей түндерімнің.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі