Аман тұрса туған ел – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Аман тұрса туған ел» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1395
Сөздер емес, сезімдер дәптерімді,
Айналдырып махаббат майданына.
Мұң аймалап отырған сәттерімді,
Айырбастай алмаймын тойларыңа.
Адамдарды тіршілік құл еткенде,
Кілттеніп ап отырам ойларыммен.
Терезеден жып-жылы күн өткенде,
Мойын бұрып, қайыңдар бойларымен.
Сыбырлайды, сөйлей ме жапырақтар,
Сап-сары боп өкінбей тұрғанына.
Мен асыр сап ойнаған атыраптар,
Шалқыса ғой, батса ғой жыр балына.
Далам менің! Мен сенсіз табылмаймын,
Сенсіз менің бұлыңғыр бағытым да.
Бақыт іздеп, ел кезіп сабылмаймын,
Бар бақытым тек қана шабытымда.
Туған елім! Сен аман тұрсаң болды,
Батасынсыз елімнің қыр баспаңдар.
Көздерімді жол жаққа бұрсам болды,
Мұндалайды тумаған жыр-дастандар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аман тұрса туған ел өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Аман тұрса туған ел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аман тұрса туған ел өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аман тұрса туған ел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері