Аман жүрші, әкетай
Бұл бетте «Аман жүрші, әкетай» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жоғарының қалыс қалмай жарлығы
Өзен ағып, желмен билер қоғалар.
Ең бастысы — әке, сенің барлығың
Мұңлы күндер бірде әйтеуір жоғалар.
Кейде нөсер төгіледі аспаннан
Түсініксіз жерді сүйіп, соғары.
Аңыздан да, жырлар мен дастаннан
Әке, сенің парасатың жоғары.
Қиял қуып ақылымды төрінен,
Арман, үміт, жүрек болып — үш тірек.
Сезім, достық, құштарлықтың бәрінен
Әке, сенің махаббатың күштірек.
Бүгінгі күн өсірмей ме мерейін,
Дүниенің нәзіктігі қалмапты.
Жастығымды, шаттығымды берейін
Аман болшы, аман жүрші, ардақтым.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі