Күзгі Алматы
Бұл бетте «Күзгі Алматы» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күз келгенде Алматы жабығады.
Жылу таппай, суыққа бағынады.
Ол да жазған қыздардай бірді сүйер
Алатауын еңкеймес сағынады.
Күз келгенде Алматы қалтырайды,
Жапырақтар желге ұшқан ән құрайды.
Шаршады ма, арманын аңсады ма,
Түндерде ояу, шамдары жалтырайды.
Күз кештері жалғыздық басынады,
Жұрт сияқты Алматы асығады.
Үміттерін ұлғайтып берер таңдар
Кірпігіне қылығын жасырады.
Тәні сұлу, жаны аппақ ашық үнді
Бұл Алматы сүймейді жасығыңды.
Күзбен бірге тоңазып, мұңайып тұр
О, Алатау, аймала ғашығыңды!
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі