Қоштаспашы менімен

Бұл бетте «Қоштаспашы менімен» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2153
Жастық шақтың жарқырамай маңдайы,
Бәлкім өзім сәтсіздікпен тең өстім?!
Ажал-аңның кеберсіген таңдайы,
Арманымды қорғай алар емеспін.
Пәк арманым мезі болып мәңгіріп,
Бағытынан адасқандай шамасы.
Күндеріме қасаңсыған сән кіріп,
Тәтті түннің қайтыс болар анасы?!
Өзімменен бірге шыдап, шырылдап,
Шыңғырады шарасына сыймастан.
Бірде өлімші, даусы ғана қырылдап,
Егіледі сонда жасын тыймастан.
Сен бе арманым, әлде мен бе озбаған,
Күміс көңіл сәбиінен алданып,
Бозінгеннің ботақаны боздаған,
Балалық қап, жастық келді сандалып.
Жастығымда әлің құрып, шаршадың,
Егделікке енді қалай жетемін?
Қаншама жыл мен тек сені аңсадым,
Енді менің мұңдарыма төтеңіз.
Енді өмірдің мазағына төтеңіз.
Сені құшам, бірге өлемін сенімен.
Бәлкім, сөйтіп, сорларымнан кеш қашам
О, арманым, қоштаспашы менімен,
Қоштасқандар оралмайды ешқашан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қоштаспашы менімен өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Қоштаспашы менімен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қоштаспашы менімен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қоштаспашы менімен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері