Шамам жоқ шарт кетіп өлуге – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Шамам жоқ шарт кетіп өлуге» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1772
Шамам жоқ шарт кетіп өлуге,
Жаныңа жақындап келуге.
Тәңірім, жарлығың жөнді ме, айтшы өзің,
Жүректі жүректен бөлуге?!
Тәңірім, мен бе әлде жазықты?
Тағдыр тор қайда да қазыпты.
Ғасыл мұң ғаріп етіп тапқанда
Қоштасу қайғысын жазыпты.
Ғұмырым қалайша қырқылар?
Тек сол деп жанарда жыр тұнар.
Мен онсыз жүре алман жалғанда!!!
Құштарлық қақпанда жұлқынар.
Тәңірім түйгенім,
Сол менің сүйгенім,
Онымен жұмақтай күйдемін.
Мені одан айырма, қайырыл да,
Әйтпесе ажалға қи мені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шамам жоқ шарт кетіп өлуге өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Шамам жоқ шарт кетіп өлуге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шамам жоқ шарт кетіп өлуге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шамам жоқ шарт кетіп өлуге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері