Шақырасың қай жаққа? – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Шақырасың қай жаққа?» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1773
Сырқат сезім суық жер жастанса да,
Елеңдемей үйіме қайта алмаймын.
Жыртығынан жанымның қан тамса да,
«Жек көрем» деп мен бірақ айта алмаймын.
Тұрар едім құрбан ғып тоналғандай,
Аяғына жығылып, жерді құшып.
Сағынышпен қайран шақ оралғандай,
Жыры жұмбақ жыл құсы келді ұшып.
Сүйер едім, соңғы рет сүйемін бе?
Азаптарды қор емес, көрікті етем.
Ыстығына ерніңнің күйемін де,
Көбелектей бір күндік өліп кетем.
Махаббатсыз көп күннен бір күн артық,
Ерегесіп уақытпен баяулаған.
Шырын сәтте еркімді бұлқи тартып,
Шақырасың қай жаққа, аяулы адам?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шақырасың қай жаққа? өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Шақырасың қай жаққа? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шақырасың қай жаққа? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шақырасың қай жаққа? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері