Сен жоқсың – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сен жоқсың» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2626
Жоқсың сен
Алаңда, көшеде,
Жанымда жоқсың сен
Бәлкім, шын көксің сен.
Жолатпас шоқсың сен,
Бүгін де, кеше де,
Жанымда жоқсың сен.
Жоқсың сен
Қазіргі астана
Біз сүйген бас қала,
Пәтерлер баспана,
Жоқ-жоқтар құтырды
Ерте жер жастана
Бір бақыт жасқана
Жұтынды.
Жоқсың сен
Гүл құшқан бақтарда,
Тойы аз жақтарда
Барларда, жоқтарда,
Жылу тұл шақтарда
Жоғалдың?!
Ашусыз ақ қарға,
Әділін ақтар да
Оралғың...
Жоқсың сен
Әуенсіз айнала.
Ажарсыз жайлана,
Сұрық жоқ қайда да,
Көк күліп паңдана
Қайдасың?
Мүлгиді маң дала
Сыймайды сандала
Қайбасы?
Жоқсың сен
Қыс қаһар төккенде
Күз бен жаз, көктемде,
Мені жыр өпкенде
Айналып еткенде,
Үмітім
Кейімей сөккенге
Еш жерде жоқ пенде
Оралғың бүгін түн...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен жоқсың өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сен жоқсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен жоқсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен жоқсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері