Көңілімді көтерші – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Көңілімді көтерші» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1481
Сәуле шашпай, сыр түйіп кешім күміс,
Сағынышқа тұншығып көкірегім.
Шаттанғаным соңғы рет есімде еміс,
Көңілімді көтерші, өтінемін.
Ән айтып бер, Шәмшінің әні болсын,
Елітсін де, ерітіп сипаласын.
Әуенімен жанымның кемі толсын,
Шаштарымды сазы оның ұйпаласын.
Ән салмасаң, оқып бер нәзік өлең,
Махаббат па, ғашықтық жайын айтсын.
Өлсем осы сезімнен азып өлем,
Қалтырамай қаңтарда қайың қайтсін.
Биге шақыр, ойнағын домбырада,
Шаңға батқан гитарды қолыңа алып.
Құмарлықтың күлігі болдыра ма,
Күнәларға көмдірер солын танып.
Көңілімді көтерші, шаршап жүрмін,
Алданамын, күлемін барлығына.
Толқынды оймен таңдарды қарсы ап жүрмін
Жалғыз қалдым, жасаған жарлығы ма?
Көңілімді көтерші, шаршап жүрмін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілімді көтерші өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Көңілімді көтерші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілімді көтерші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілімді көтерші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері