Ең сүйікті адамым – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Ең сүйікті адамым» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2308
Жұбанбаймын, сені де жұбатпаймын,
Көздеріңнен көз алмай тесілемін.
Жалындыру дегенді ұнатпаймын,
Кешір десең, бәрін де кешіремін.
Күткенімді ұйқысыз түндерімді,
Балалықтың ең соңғы баспалдағын,
Басқа жанға сыйланған гүлдерімді,
Жан ұшырған жанымның қасқалдағын.
Кешіремін, кешірмей не етем дейсің,
Жыр жазатын таңдарды бермегенің.
Жалын демің бәрі бос, бөтендейсің,
Келгенің не, ендігі келмегенің.
Сезімі жоқ далбаса бір күштідей,
Жүрегімді жазықсыз жараладың.
Жарты ғасыр ғұмырлы білгіштердей,
Бар өмірді өзіңше сараладың.
Бақсыз мен бе? Жынданып кетпегем де,
Мұңлы, мұңсыз келемін сатылармен.
Сен бұлайша бақытсыз етпегенде,
Мен осылай жыр жазып отырар ма ем?!
Мазалайды бірдеңе, бәлкім үміт,
Ерем деймін, айтылмай әнім қалды.
Баяғы аңғал қызынды, халқым, ұмыт,
Ең сүйікті адамым жанымды алды.
Жаным жоқтай тәнім бос тырмысады,
Сезім қайда, сабылтар бар денемді.
Күндер үнсіз, көңілсіз жылжысады,
Мен жүремін таба алмай әлденемді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ең сүйікті адамым өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Ең сүйікті адамым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ең сүйікті адамым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ең сүйікті адамым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері