Жеңімпаз – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жеңімпаз» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1511
(аударма)

Төрт жылғы соғыс жанына
салғанмен талай жараны,
орыстың жері тағы да
гүл атып, бүршік жарады.
Жерлерде кеше сабылған
ұрыспен кешіп сан айды
жас гүлдер шыққа малынған
дірілдеп бүгін қарайды.
Найзағай өткен жерлерде
тілгілеп түннің түндігін
күл болған құмды белдерде
қалалар өсіп тұр бүгін.
Бетке алып үйін бөктермен
сүрапыл жанын сынаған
ерлікті бастан өткерген
келеді орыс - ұлы адам.
Құтқарып әлем тірлігін
қалды өзі ажал торынан.
Дүние арнап жыр, гүлін
тосады оны жолынан.
Дұшпанды талай жер жұтты,
моласы сонау қалған мың.
Ол біздің өшпес ерлікті
есіне салар жаулардың.

МИХАИЛ ДУДИН


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңімпаз өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жеңімпаз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңімпаз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жеңімпаз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері