Туған ауылға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Туған ауылға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 710
Үрлей ескен жел ме мынау, самал ма,
Толқын өрген жасыл шалғын даламда.
Күніне мен жүз сүйемін ауылымды,
Көңілімнің құндағына алам да.
Сымбатына қараймын да сыр алам,
Жас балаша жылап, кейде қуанам.
Топырағыңды уыстасам еңкейіп,
Көз алдыма елестейді ұлы анам.
Тек өзіңде бүршік жарар гүлім де,
Тек өзіңде жарық болар түнім де.
Саусағыммен шертілмеген күй болып,
Жыр боп тұрдың көкірегімде, тілімде.
Жан емеспін ілби басып, көшке ерген,
Кеудеңдегі бір отыңмын өшпеген.
Туған өлкем, топырағыңнан нәр алар,
Жап-жас қана шыбығыңмын өскелең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған ауылға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Туған ауылға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған ауылға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған ауылға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері