Бұл бетте «Жанарға» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұрап жүрмін өзіңді көктегі Айдан,
Елес болып ұшындың. Қайтсем екен?!
Мейірімді, ал бірде өктемі айдын
Көлеңкелі көк терек әйтсе мекен.
Күтіп жүрем, бақытым кеш келе ме,
Қараңдаған елеңдеп қараларға.
Дәру бар ма, ем қонбас ештеңеден
Мендегі үнсіз сыздайтын жараларға.
Жетім қыздай тұншығам ащы мұңға,
Ештеңені естімес керең бәрі.
Мекеніңді, жөніңді жазшы мұнда
Тек өзіңді іздеумен келем әлі.
Сол көктемнің келбеті сәнді ме еді,
Ызыңдама түбімнен жаттан әнім.
Елес болсаң, елес бол мәңгіге енді
Сол елесті табуға аттанамын.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі