Сен кеткелі – Анар Шамшадинова

Бұл бетте «Сен кеткелі» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2409
Құшағыңды сағынып жүрек кейде,
Шығып кетіп қалардай бұлқынады.
Шулы қала шуымен тірек кейде,
Ал тіршілік жұлқиды, жұлқынады.
Күздің кеші, күн батқан алмадайын,
Жұлдыздар көп жылтырап жібектейін.
Алыстағы армандар алмағайып,
Ағараңдар тесілген тілектейін.
Сезім суып, сенімдер сатқан сәтте,
Сүйіктімнің су татып сыбырлары,
Таудан биік тағаттар қатқан сәтте
Тамшы тамған тамырлар қыбырлады.
Тұмандардың жасырып жаңбыр жүзін,
Мөлдірлігін маңайға шашып әні,
Күндер, жылдар өтсе де тұңғыш қызын
Анам сынды отырған тосып әлі.
Тамылжыған таң нұры аймаласа,
Табиғаттың көрінер қылықтары.
Сен кеткелі тұмандар қайда барсам,
Күннің көзі жанымды жылытпады.
Аяулы жан! Мәңгілік салтында ма,
Сағынышпен жер-жаһан тыныстаған.
Мәңгі ауа мен ару Ай қалпында ма,
Қап-қара түн. Жұлдыздар. Тыныш маған.
Көше де үнсіз. Табылмай көңіл емі,
Келем жалғыз. Қайдасың? Күрсінемін.
Кеудемді ұрып әлдене егіледі,
Жүрек пе әлде, таппаған мұңшыл емін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен кеткелі өлеңінің авторы кім?

Анар Шамшадинова — осы өлеңнің авторы.

Сен кеткелі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен кеткелі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Анар Шамшадинова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен кеткелі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері