Өлең, жыр, ақындар

Қара жер мен ақ үміт

  • 03.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1699
... Қара көйлек — ол менің үйім ғана.
Гүлнар Салықбаева.

Қызық қуып күлгенім жоқ желпініп,
Бұзық болып жүргенім жоқ жең түріп.
Гүлнар киген қара көйлек үстімде
Қара шашым қара желге серпіліп.
Қара түннен кейін ақ таң ағарған,
Қара көзден сонда тамшы жоғалған.
Қара өлеңге ханзадамдай жабысам,
Бірақ менде қара арман жоқ, ақ арман.
Қара қарға қарқылдайды, өктем бе?..
Қара ағаштың гүлін жұтып көктемде,
Қара суық қалшылдатса бойымды
Сені ойлар ем, ақ ұлпа қар өпкенде.
Қара қазақ — қалың елім, жекемін.
Білем елге ақын жақын екенін.
Ақ төсекте ақ үмітке берілем,
Қара жер ғой, бірақ мәңгі мекенім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңілімнің еркін ашып есігін

  • 0
  • 0

Көңілімнің еркін ашып есігін,
Жүрегімнің төрін саған ұсындым.
Өмірімді арнасам да несі мін?
Сенсіз тірлік ете алмаспын.

Толық

Серік Томановқа

  • 0
  • 0

Мұқаңдар жоқ Абайлардың соңында
Кеткен мәңгі қаламымен қолында.
Тағдыр бақтың бұйыртпады бірін де
Сені де, Аға, көре алмадым тіріңде.

Толық

Жанымның азабы азайып

  • 0
  • 0

Жанымның азабы азайып,
Тәнімнің сырқаты басынды.
Тірліктен табылмай ғажайып
Ой емес, дерт жеді басымды.

Толық